ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМІЗ БЕН МАНСАПТАР

Игілік пен қауіпсіздік
Біздің ең құнды ресурсымызды қорғау
Қазақмыс компаниясы табиғи ресурстарды игеру жағынан жетекші компания болудан басқа анағұрлым ауқымды іс атқаруды қалайды. Біздің мақсатымыз –барлық қызметкерлеріміз бен мердігерлерімізге еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Біздің қызметкерлерімізді оқыту
Оқытудағы шешуші аспектілердің бірі – қызметкерлерімізге өздерінің қауіпсіздігі мен басқалардың да қауіпсіздігіне жауапкершілікті болуға қажетті оқып-үйрену мүмкіндіктері мен қолдау ұсынып отыру. Мәселен, біздің мамандандырылған екі колледжімізде қызметкерлер құрамын өндірістік жағынан даярлау жүзеге асырылып, қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулық өткізіліп тұрады. Біз барша ұйым бойынша қауіпсіздік техникасына оқытудың жаңа бағдарламасы мен біліктілікті арттыру бағдарламасын да енгіздік.
Біздің компаниямызда қауіпсіздік техникасы ережелерінің өрескел бұзылуын құптамайтын саясат қолданылып жүр. 2010 жылы қауіпсіздік техникасын бұзғандықтары үшін 1087 қызметкерге қатысты тәртіптік тексерістер өткізілді, сондай-ақ 107 қызметкер жұмыстан босатылған.
Біздің қызметкерлеріміздің денсаулықтары жайлы қамқорлық
Біз қызметкерлеріміздің денсаулығына тек жұмыс орнында ғана қамқорлық жасамаймыз. Сонымен қатар, біз өз қызметкерлеріміздің, олардың отбасыларының, мердігерлер мен жергілікті халықтың денсаулығын жақсарта беруге талпыны келеміз.
Біз Топтың қызмет жасайтын елді мекендерінде 56 медициналық орталықты меңгеріп келеміз. Әрбір қызметкер жұмысқа қабылданғанда медициналық тексерістен өтеді, ал одан соң кәсіби дерттерді анықтап, алдын алу және емдеу үшін жыл сайын медициналық байқаудан өткізіліп отырады. Біз денсаулығына қатер төнетін жұмыскерлеріміздің денсаулықтарын барынша қадағалап жүреміз.
Біздің денсаулық пен қауіпсіздікке көзқарасымыз жайында толығырақ ақпарат алыңыз.





