Kazakhmys logo

НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТІ– ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ ӨНДІРУ

Бозшакөл кенішіндегі ұжымның мүшелері

Оқыту жəне кəсіби дамыту

Толық потенциалға қол жеткізу

Біз Қазақмысты дамыту мен өз қызметкерлерімізге пайда келтіру үшін мансаптарын дамыта түсуге мүмкіндік ұсынуды қалаймыз. Біздің оқыту бағдарламаларымыз қызметкерлерімізге бар күш-жігерін пайдалануға және корпорациялық мақсаттарымызға қол жеткізуге септігін тигізетін қызметкерлерімізді жоғары уәждемелеуге мүмкіндік береді.

Бар ынтаны оқыту мен дамытуға шоғырландыру

Біз қызметкерлерімізді оқытуға және білім алуларына мол қаражат жұмсап, компаниямызда табысты мансап құруға мүмкіндіктер ұсынып отырмыз. Біздің Kazakhmys Copper бөлімшемізде осы мақсаттарға бөлінген бюджет пен оқудағы артықшылықтар анықталған жылдық жоспары бар.

Сәтбаев пен Балқаш қалаларындағы біздің мамандандырылған техникалық колледждеріміз тау-кен саласын қамтитын пәндер бойынша жоғарғы білім, сондай-ақ академиялық және тәжірибелік оқытуды ұсынады. Кейбір қызметкерлер өздерінің мансаптарын дамытып, басқа мамандықтар бойынша біліктіліктерін жоғарылатып жүреді. Сонымен қатар, әрбір қызметкер денсаулық және еңбек қауіпсіздігіне қатысты біліктіліктерін арттыру курстарынан үнемі өтіп жүреді.

Оқу мен білім алудың мүмкіндіктерін көбірек ұсыну

2010 жылы біз өзіміздің Kazakhmys Copper бөлімшеміздің және Екібастұз ГРЭС-1 электр станциясының 33000-нан астам қызметкерлерін оқытуға 1,1 млн АҚШ долларын жұмсадық. Kazakhmys Copper бөлімшесі сонымен қатар, Қазақстанның техникалық университеттерінде сырттай оқу үшін келешегі бар деген 200 қызметкерге демеулік жасады. Оның үстіне, 1800-ден астам қызметкер Қазақстан колледждерінде және шет елдерде де өздерінің біліктіліктерін жоғарылатып, жоғарғы білім алуларын жалғастырып келеді.

Сонымен қатар, біз әрбір аймақтағы біздің бизнесіміз үшін артықшылықты деген мамандықтарды анықтадық. Сондай мамандықтары бар жаңадан қабылданған қызметкерлер компаниямыздың оқу орталықтарының бірінде оқытылатын болады. Бұл олар компаниямызға қызметке келгеннен бастап біліктіліктеріне салынатын инвестицияның кепілі болады.

Келесі буынға инвестиция салу

Біз компаниямыздың келешек басқарушыларына қаражат салып келеміз. 2010 жылы Балқаш, Жезқазған және Қарағанды кешендерінен 119 басшы мен мамандар басқару қағидаттары бойынша оқудан өтті. Оның үстіне біз келешектің ынталы басшыларын анықтап алу үшін «Жүз үздік» бағдарламасын да әзірлеудеміз. Бұл бағдарлама жалпы Топ бойынша мансаптық жоғарылау үшін мүмкіндіктер ұсынатын болады.

Алматы кеңсесіндегі Өзгерістерді басқару тобының қатысушысы Алматы кеңсесіндегі Өзгерістерді басқару тобының қатысушылары