ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМІЗ БЕН МАНСАПТАР

Көтермелеулер мен марапаттаулар
Қызметкерлеріміздің еңбектерін марапаттау
Қызметкерлерге бәсекеге қабілетті жалақы төлеу талабы бар қызметкерлерді тарту үшін және сақтау үшін негізгі фактор боп табылады. Өзіміз өткізген зерттеу Kazakhmys Copper бөлімшеміз Қазақстан бойынша орташа жалақыдан жоғары мөлшерде еңбекақы төлейтінін айқындады. Қызметкерлеріміздің еңбекақысы елдегі басқа тау-кен өндіруші компаниялардағы еңбекақыға қарағанда жоғарырақ.
Еңбекті бағалау және көтермелеу
Әділетті де бәсекеге қабілетті көтермелеу талабы бар қызметкерлерді тарту және сақтап қалу үшін маңызды болып келеді. 2010 жылы біз Еңбекті бағалау және басқару жүйесін іске қостық. Бұл еңбекті әділ бағалауға және жұмыскерлерді тиісті түрде көтермелеуге кепілдік береді.
Жас мамандар санаты
Біз инженерлік мамандыққтарға жас мамандарды тартып, дамыту әрі сақтап қалу үшін «жас мамандар» санатын енгіздік. Оқуларын тәмамдаған соң бес жыл ішінде Қазақмысқа қызметке келген кәсіптік және техникалық мамандарды осы санатқа жатқызылады. Толығырақ
Жас мамандардың Кеңестері
Біз Kazakhmys Copper бөлімшеміздің әрбір кәсіпорынында жас мамандар Кеңестерін құрдық. Ол Кеңестердің жас мамандарды тартып, дамытуға әрі сақтап қалуға, сондай-ақ ынталы жетекшілердің іргетасын құру ісінде көмектері тиеді. Әрбір кеңесте екі жылдық кезеңге біздің жас мамандарымыз сайлайтын саны үштен он беске дейінгі мүшесі болады. Жас мамандар сонымен қатар тегін баспана сияқты қосымша жеңілдіктерге ие болады.
Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі
Қазақмыс Қазақстан (заң бойынша талап етіледі) мен Ұлыбританияда тиісті түрде зейнетақы аударымдарын жасап тұрады.
Тегін медициналық көмек және демалыс
Біздің Kazakhmys Copper бөлімшеміз жұмыскерлері үшін тегін медициналық және стоматологиялық қызметтер көрсетеді, ал олардың отбасы мүшелері мен зейнеткерлер сол қызметтердің 50 пайызын ғана төлеп пайдаланады. 2010 жылы Kazakhmys Copper бөлімшесінің медициналық мекемелерінің қызметтерін 7653 жұмыскер, 1344 зейнеткерлер және 2528 отбасы мүшелері пайдаланған.
Бұл бөлімшеде жұмыскерлердің балаларына арналған жазғы лагерлер де бар. 2010 жылы 5200-ден астам жұмыскер, 1000 зейнеткер және жұмыскерлер отбасының 100 мүшесі бөлімшенің санаторийлері мен профилакторийлерінде демалған. Сол жылы жұмыскерлердің 3200-ден астам балалары каникулдарын біздің жазғы лагерлерімізде өткізді.





