Мен Қазақмыс компаниясында 37 жыл еңбектеніп келемін, осылайша қызықты да бар күш-жігеріңді салып жұмыс жасайтын бірқатар қызметтерде еңбек ету құрметіне ие болдым. Қазіргі уақытта техникалық бөлімнің инженері болып қызмет етемін. Жұмысым тартымды әрі тәжірибелерім мен білімімді қолдануға мүмкіндік береді. Компаниядағы еңбек жолымда сызбашы да, аға техник те, инженер-конструктор да, және құрылысшы инженер де болып жұмыс істедім. Өз кәсіпқойлығыңды дамыта жүріп, лайықты мансапқа қол жеткізе алатын компанияда жұмыс істеу өте ұнамды.
Мен Қазақмыста 8 жыл жұмыс істеп келемін, және қазіргі уақытта техникалық бөлім бастығының орынбасарымын. Еңбек жолымда мен кенші шебер болып, техникалық бөлімнің жетекші инженері, Жезқазған кешенінің капиталдық құрылыс бөлімінің кенші жетекші инженері ретінде болып қызмет еттім.
Мен Қазақмыстың кәсіпорындарында 41 жыл қызмет етіп келемін. Мансаптық жоғарылау үшін және кәсіптік тәжірибе алу үшін игілікті жағдайлары мол жұмыс орындарын іздестіретін жас адамдарға Қазақмысты ұсынамын.
Менің туған қалам Сәтбаев өмір сүруге өте ыңғайлы. Қаламызда үздік медициналық және білім беру мекемелері бар, ал Қазақмыс болса қалада өтетін барлық шараларға қатысып жүреді.
Қазақмыс – мансаптық жоғарылауға жақсы компания. Жастар Қазақмыста қызмет етулері тиіс, өйткені, онда кәсіптік жағынан дамып, мансаптық жоғарылауға барлық мүмкіндіктер баршылық.
Мен тұратын Сәтбаев қаласында балалардың мектепте оқуы үшін, медициналық қызметтерге қол жеткізулері үшін қажетті мүмкіншіліктердің барлығы да бар. Компания қалада өткізілетін барлық іс-шараларда қатысып отырады, және инфрақұрылымның дамытылуына қосақты қаржы бөліп отырады.
Осыдан 11 жылдай бұрын компаниядағы жұмысым басталғалы бері мен жетекші экономист лауазымына жеттім. Осы ұжымда жұмыс істеу маған ұнайды. Әдетте, жұмыс күнім үчаске жұмысын талдаудан, мағлұматтар жасаудан басталып, қызметкерлердің жұмыс табелін тексерумен, шаруашылық есептемеге талдау жасаумен, ағымды мәліметтерді өңдеумен жалғасады.
Мен Қазақмыста 7 жыл жұмыс атқарып келемін, және бүгінгі күнде Жезқазғанның шахталық қазба басқармасының әкімшілік-тұрмыстық кешенінде меңгерушімін. Қазақмыстағы еңбегім ұнамды ортада атқарған жұмыстан басқа, тағы өз кәсіптік машықтарымды дамыта түсуге , сонымен қатар тұлға ретінде қалыптасуыма мүмкіншілік ұсынып келеді. Осы компанияда басталған еңбек жолымда мен қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі нұсқаулықтарын өттім, әрі ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану бойынша үнемі емтихандар тапсырып жүремін.