Kazakhmys logo

НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТІ– ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ ӨНДІРУ

Алматы кеңсесіндегі басшы қызметкерлер

Алуан түрлілік

Қызметкерлерімізге салынған инвестиция

Біз өз саламызда ең үздік ұжым қалыптастыруға талпынудамыз. Мықты да кәсіби жұмыс ұжымын қалыптастыру үшін біз өз қызметкерлерімізді оқытуға ғана емес, ол қызметкерлерімізді көтермелеп отыруға да қаражат салып келеміз. Барлығына да әділетті болып, құрметпен қарауға талпынудамыз. Біз барша Топ бойынша өндірістік көрсеткіштерді нығайтып, қабылданған шешімдердің сапаларын жақсарту үшін жұмыс тәжірибелері мол және санасы зор мамандарды біріктіре отырып, жұмыс орындарындағы әлуан-түрлілікті кеңейте түсуге бекем ниеттіміз.

Қызметкерлеріміздің кәсіптік машықтарын дамыту

Қызметкерлер құрамы мен басшылықты оқытуға қатысты бағдарламаларымыз қызметкерлердің кәсіптік машықтары мен білімдерін кемелдендіре түседі. Сөйтіп, жергілікті халыққа пайдасын тигізіп, біздің шетелдік жұмыс күшіне деген мұқтаждығымызды кеміте түседі. 2010 жылдың соңында Қазақмыстағы басшылардың 99 пайызы Қазақстандықтар болды.

Гендерлік мәселені меңгеру

Тау-кен кәсібі әдетте әйелдерді қызықтырмайды. Сондықтан да біз өзіміздің Kazakhmys Copper бөлімшеміздегі қызметкерлердің 35 пайызы әйел адамдар болып отырғандығына мақтаныштымыз, олардың 64 пайызы инженерлер және 24 пайызы түрлі деңгейдегі басшылар.

Шетелдік мамандардың білімі мен жұмыс тәжірибелерін пайдалану

Білікті мамандардың жетіспеушілігіне қатысты уақытша проблемаларды шешу үшін және білімнің кейбір салаларынан пайда алу үшін біз Қазақстанға шетелдік мамандарды жалдаймыз.

Бас инженер және Қазақмыстың басқа да қызметкерлері, Шығыс аймақ Қазақмыс салып берген бала-бақша