ҚЫЗМЕТІМІЗ

Энергетика
Біздің бизнесіміз бен Қазақстанды энергиямен қамсыздандыру
Қазақмыс ішкі нарыққа 20 пайыздан астам электр энергиясын жеткізе отырып, сондай-ақ біздің өндірістік қызметімізді әрі жергілікті халықты электр энергиясымен қамсыздандыра отырып, Қазақстандағы ең ірі электр энергиясын өндіруші компания болып табылады. Біз сонымен қатар Екібастұз электр станциясының 50 пайыздық үлесін иеленіп отырмыз, әрі иелігімізде ішкі қажеттікке арналған үш электр станциясы бар.
Активтер
- Екібастұз ГРЭС-1
- Өз қажеттілігімізге пайдаланылатын электр энергиясы: үш электр станциясы мен екі көмір кеніші
Өндіріс
| 2009 | 2010 | |
| Өндірілген таза электр энергиясы (ГВтсағ) | 15 194 | 16 749 |
| Екібастұз ГРЭС-1 | 9 737 | 11 065 |
| Өз қажеттіліктерін қамтамасыз етуге арналған электр станциялары | 5 457 | 5 684 |
| Өндірілген көмір (мың тонна) | 11 205 | 13 409 |
Негізгі оқиғалар
Біз Екібастұз электр станциясында құны 1 млрд АҚШ доллары болатын инвестициялық бағдарламаны іске асыруды бастадық, соның нәтижесінде өнімділігі қазіргідегі 2 500 МВт-тан 4 000 МВт қуаттылыққа артады, сонымен қатар, ластану да кеми түседі.





