Kazakhmys logo

НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТІ– ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ ӨНДІРУ

Жезқазған кешенінің Оңтүстік кенішіндегі бұрғылау жұмысы

Кен өндіру мен байыту

Әрбір сатыда құнын ақтап алу. Қазақмыс Қазақстанда өндірілетін барлық мыстың 90 пайызын шығарады. Сонымен қатар біз, қосарлы өнімдер ретінде мырыштың, күміс пен алтынның елеулі ауқымын өндіріп шығарып, саудалап келеміз. Біздің интеграцияланған құрылымымыз, өндіруден бастап өндіріске шейінгі барлық процестерді иемденіп, оларды басқару біздің компаниямызға компаниямызға әлемдегі аса икемді де аз шығынды мыс өндірушілердің бірі болып танылуға мүмкіндік берді.

Zhezkazgan region Central region East region

(ЖЕЗҚАЗҒАН АЙМАҒЫНДАҒЫ ЖОМАРТ КЕНІШІ)
Жезқазған аймағы кен өндіру мен оны байыту жөніндегі ең ірі аймағымыз болып табылады. Оның үлесі Топта өндірілген кен көлемінің шамамен 70 пайызын құрап отыр. Бұл аймақта жеті кеніш пен үш кен байыту фабрикамыз бар.

(БОЗШАКӨЛДЕГІ КЕРН АЛУ МАҚСАТЫМЕН БҰРҒЫЛАУ ЖҰМЫСЫ)
Орталық аймақта Топта өндірілген кен көлемінің шамамен 15 пайызы өндіріліп келеді. Бұл аймақта төрт кеніш пен үш кен байыту фабрикасы орналасқан.

(ШЫҒЫС АЙМАҒЫНДАҒЫ КЕН ӨНДІРІСІ)
Шығыс аймақта Топта өндірілген кен көлемінің шамамен 15 пайызы өндіріліп келеді. Бұл аймақта алты кеніш пен төрт кен байыту фабрикасы орналасқан.

Наведите курсор на выделенные места для просмотра дополнительной информации

Үш аймақты басқару

Қазақмыс төмендегі үш аймақтағы кеніштер мен кен байыту фабрикаларын пайдаланып келеді:

Бар ынтамыз мыс өндіруге бағытталған

2010 жылы біз орташа құрамдылығы 1,09% (мыс құрамдылығы) 32,9 млн тонна мыс кенін өндірдік. Біз кенді үгітудің бірнеше сатысын қолданамыз және одан соң оны бізге тиесілі он кен байыту фабрикаларының бірінде өңдейміз. Кейін концентрат дайын металлға айналдырылуы үшін біздің металлургиялық бөлімшемізге тапсырылады.

Бағалы қосарлы өнімдер өндіру

Біз өндіріп шығаратын кеннің құрамында мыстан басқа да металлдар бар. Қосарлы өнімдер ретінде біз мырыштың, күміс пен алтынның мол ауқымын өндіріп келеміз. Қосарлы өнімдердің құрамдылығы әр кеніште әрқалай.