Kazakhmys logo

НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТІ– ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ ӨНДІРУ

Жер үстіндегі жүк көлігі, Бозшакөл кеніші

Қосалқы қызметтер

Біздің өндірістік қызметімізді қолдау

Жобалау мен құрылыс жөніндегі топтардан бастап, теміржол және автожолдар тораптарымен аяқтағанда, барлық жерде біздің меншікті қолдау қызметтеріміз бар. Біз, туындауларына қарай, жаңа мүмкіндіктерді оңай қабылдап, өндірістің тоқтауына апарып соқтыратын сыртқы қатерлерді кеміте аламыз.

Теміржол мен автожол арқылы тасымалдау

Біз шикізаттарымыз бен өнімдеріміздің көп бөлігін өзімізге тиесілі теміржолдар торабы арқылы тасымалдаймыз. Біздің тораптар Қазақстандық магистральдік тармақтармен байланысқан. Оның ұзындығы 1 100 шақырым теміржолды құрайды, 100 астам локомотивтер мен 800 вагондардан құралған. Автокөлікпен тасымалдау паркіміз теміржолдар аз таралған Шығыс және Орталық аймақтарда қолданылады.

Жаңадан кәсіпорындар құру

Сенімді жеткізілімдерді сүйемелдеу үшін біздің аймақтарымыздағы компаниялармен бірлескен кәсіпорындар құрдық. Олар:

  • ҚазБелАЗ, Беларусьтың жүк автомашиналарын шығарушы компаниясымен құрылған бірлескен кәсіпорын, ондағы 51 пайыздық қатысу үлесі өзімізге тиесілі. ҚазБелАЗ жүк автомашиналарына қосалқы бөлшектер шығаруды 2011 жылы бастайды, ал бара-бара бүтіндей машина жинастыра алатын болады.
  • 2010 жылы Жезқазған қаласында біз шиналарды қайта өңдеп шығаратын «МысШина» кәсіпорнын аштық. Бірінші жылдың ішінде протекторлары қалпына келтірілген 600 шинаның барлығын да сатып алдық. Қазіргі уақытта ол зауыт үшінші тараптармен де жұмыс жасауға ниетті. «МысШина» сол аймақтағы жұмыспен қамтуды әртараптандырып отыр әрі жергілікті халықтың арасынан 93 адамға жұмыс беріп отыр.
Құрылыс және қызмет көрсету

Өндірістік қызметімізге қоса, біз мектептер, емханалар мен инфрақұрылым нысандары сияқты әлеуметтік нысандарды салуға және пайдалануға көмек беріп келеміз. Осы саладағы жұмысымыз біздің жергілікті халықты қолдауға ниетті екендігімізді көрсетеді.

Тік интеграция

Қазақмыс – өндірістің әр сатысын бақылайтын толығымен интеграция-ланған компания

Интеграцияланған процесіміз жайлы толығырақ

Өндірістік қызметті жауапты жүргізу

Табиғи қазбаларды өндіру халыққа қаражат салу міндеттемесімен жалғасады

Біздің ұмтылыстарымыз жайлы толығырақ