
Құпиялылық саясаты
Қазақмыс ПЛС (Қазақмыс) сіздің құпиялылығыңызды сақтау үшін барлық мүмкіндікті пайдаланады. Тұтынушылар туралы жеке ақпарат олардың өзі ұсынған жағдайда ғана жинақталады. Сайттың материалдарын қарау барысында біз автоматты түрде тұтынушы туралы белгілі бір ақпарат жинауымыз мүмкін, ол навигатордың түрі мен интернеттегі желілік мекен-жайына да қатысты. Мұндай ақпаратты көптеген сайттар жинақтайды. Егер жеке хат жіберетін болсаңыз, ол мейлі электронды хабарлама немесе хаттар болсын, біз ол деректерді арнайы файлға жинақтай аламыз. Бұл дерек маркетинг пен сатуды жақсартуға қатысты шараларды жақсарту үшін, сайттың пайдалану деңгейін сараптау үшін, сондай-ақ сайттың мазмұнын тұтынушылар мүддесіне орай жақсарту үшін және бейімдеу үшін пайдаланылады.
Мәліметтерді жариялау
Қазақмыс үшінші жақтарға жеке ақпаратты сатпайды, жалға бермейді, пайдалануға ұсынбайды. Біз жеке ақпараттарды жинамаймыз және оларды жарнама берушілерге немесе маркетинг пен жарнамаға байланысты басқа да мақсаттарға пайдалануға бермейміз. Біз барлық құқық қорғау органдарымен және үшінші жақтармен олардың интеллектуалдық құқығын қорғау және басқа құқықтарын қорғау мақсатында әріптеспіз. Қазақмыс қазіргі нормативті-құқықтық база бойынша ешқандай хат алмасу немесе басқа жеке ақпарат осы Құпиялық туралы саясатта көрсетілмеген тәсілмен ешқашан ашық болмайды деп кепілдік бере алмайды. Мысалы (жоғарыда айтылғандарды шектемегенде), біз жеке ақпаратты белгілі бір жағдайда үкіметке немесе үшінші жақтарға ашуымыз мүмкін немесе үшіші жақ сайт арқылы берілген ақпаратты заңсыз жолмен ашып, жеке хаттарды оқуы мүмкін.
Сіздердің сұрауларыңыз бойынша біз деректер базасындағы сіздің ақпаратыңызды өшіруіміз мүмкін. Осындай мазмұндағы сұрау жіберу үшін, мына мекен-жайға хабарлама жіберіңіз: info@kazakhmys.com. Қазақмыс белгілі бір ақпаратты дауларды шешу үшін немесе қателерді жөндеу үшін файлда сақтауы мүмкін. Одан бөлек, техникалық және нормативті шектеулерге немесе ақпараттың қайталануына байланысты осындай ақпарат біздің базадан толықтай жойылмауы да мүмкін.
Қауіпсіздік
Қазақмыс салалық стандарттарға сәйкес жұмыс істейді және біздің онлайн тұтынушыларымыздан түскен ақпаратты заңсыз пайдаланудан қорғауға бағытталған алдын алу шараларын жасайды және біз әлсін-әлсін өзіміздің қауіпсіздік шараларымызды жаңартып отырамыз.





