Kazakhmys logo

НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТІ– ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ ӨНДІРУ

Алматы кеңсесіндегі қызметкерлер

Корпоративтік басқару

Біз Компанияның қызметіне кірістірілген барлық тараптардың мүдделеріне қызмет етеміз

Қазақмыс корпоративтік басқару ісінің жоғары стандарттарын қатаң сақтап келеді және Компанияның қызметіне кірістірілген барлық тараптардың мүдделерін қорғайды.

Директорлар кеңесінің ролі

Директорлар кеңесі Топтың стратегиясының бекітілуіне, тиісті түрде қаржыландыруды қамтамасыз етілуін, негізгі инвестицияларды қарастыруды, қаржылық ресурстар тиісті түрде бөлінуін қамтамасыз етуге және атқарушы басшылықтың қызмет нәтижелеріне мониторинг жүргізуге жауапты.

Қазіргі уақытта Директорлар кеңесі тоғыз директордан құралған, оның бесеуі тәуелсіз атқарушы емес директорлар, ал біреуі тәуелді атқарушы емес директор болып табылады. Сол директорлардың әрқайсысы біздің қызметіміз үшін маңызды мәні бар салалардың бірінде алған кең ауқымды білімдері мен жұмыс тәжірибелері бар. Түрлі білімдер мен тәжірибелердің мұндай теңгерімделген үйлесімі Директорлар кеңесі шешімдерін қабылдау кезінде нақты бір топтардың үстемдігінің болмауын және акционерлік шағын қауымның мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз етіп отырады.

Директорлар кеңесінде біздің қызметіміздегі нақты аспектілерге қадағалау жасайтын төрт комитет бар.

Директорлар кеңесі төрағасының ролі

Директорлар кеңесінің төрағасы Топтың стратегиялық басқарылуына жауап береді, Директорлар кеңесін басқарады және Қазақстандағы іскер қауыммен, Үкіметпен тиімді байланыс орнауын қамтамасыз етеді.

Басқарушы бас директордың ролі

Басқарушы бас директор Топтың күнделікті басқарылуына және Директорлар кеңесі мақұлдаған стратегияның жүзеге асырылуына жауапты.

Тәуелсіз директорларымыздың ролі

Біз өз қызметімізге кірістірілген барлық тараптардың жағымды деген мүдделеріне тиісті, тәуелсіз әрі шынайы корпоративтік басқаруды қамтамасыз етуді қалаймыз. Біздің саясатымызға сай келетін осы мақсатқа қол жеткізу үшін Директорлар кеңесінің жартысынан көбі атқарушы емес тәуелсіз директорлардан құралуы тиіс.

Топтың акционерлері

Қазақмыстың екі ірі акционері бар. Владимир Сергеевич Ким Компания акциялары пакетінің 28 пайызын иеленіп отыр. Оның Топты одан әрі басқаруы Тобымыздың табыстылығы үшін аса маңызды. Қазақстан Үкіметі Компанияның 26 пайыздық акционері болып табылады және де оған ұзақмерзімді қолдау жасауын жалғастырып келеді.

АУДИТ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ

АУДИТ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ

Біздің Аудит жөніндегі комитеттің міндеттері, қызметтері және мүшелері жайлы толығырақ біліңіз.

СЫЙАҚЫЛАР ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ

СЫЙАҚЫЛАР ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ

Сыйақылар жөніндегі комитет жайлы толығырақ білетін болыңыз.

ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ

ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ

Біздің Еңбек қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комитет жайлы толығырақ біліп алыңыз.

ТАҒАЙЫНДАУЛАР ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ

ТАҒАЙЫНДАУЛАР ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ

Тағайындаулар жөніндегі комитет туралы толығырақ білетін болыңыз.