Kazakhmys logo

НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТІ– ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ ӨНДІРУ

Мыс балқыту зауытының жұмыскері, Жезқазған кешені

Компанияның қызметіне шолу

Табиғи ресурстардан қосылған құн табу

Kazakhmys PLC компаниясы табиғи ресурстарды өндіру және өңдеу жөніндегі халықаралық жетекші топтардың бірі. Британдық FTSE 100 компаниялар тізіміне қосылып отырған Қазақмыс Тобының активтері Қазақстанда әрі оның айналасындағы аймақтарда шоғырланған, ал оның нарықтық капитализациясы 13 373 млн АҚШ долларын құрап отыр.

Компаниямыз негізінен мыс өндірумен және оны сатумен айналысады. 20 жылға шақталған мыс қорларын иелене жүріп, біз Қазақстандағы ең ірі мыс өндірушіміз және әлемдегі ең ірі он бір мыс өндірушілердің қатарындамыз. Сонымен қоса, біз қосарлы өнімдер ретінде шығарылатын басқа да металдарды, соның ішінде мырыш, күміс және алтынның елеулі көлемін өндіріп келеміз. Оған қоса, Қазақмыс елдегі жеткізілімдерінің 20 пайызынан астамын беріп тұратын Қазақстандағы ең ірі электр энергиясын өндіруші болып отыр.

EBITDA өсімі (пайыздарды, салықтарды, тозу мен амортизацияны шегергенге дейінгі пайдалар)

Компанияның дамуы үшін 2010 жыл кезекті жағымды жыл болды. Жағымды бағамдармен бірге алып қарағандағы тұрақты өндіріс EBITDA (ерекше баптарды қоспағанда) 74 пайызға артып, 2835 миллион АҚШ долларына дейін жетті. Толығырақ мәліметтер алу үшін біздің негізгі қаржылық көрсеткіштерімізбен таныс болыңыз.

Мыс және басқа металдар

Kazakhmys Copper бөлімшесі толықтай интеграцияланған мыс өндірісін жүргізіп келеді. Ол кеніштер мен карьерлерді, кен байыту фабрикалары мен мыс балқыту зауыттарын, электролиз цехтарын, көмір кеніштерін, ішкі электр станцияларын және де 1 100 шақырымдық теміржол инфрақұрылымын қамтып отыр. Мырышты, күміс пен алтынды біз қосарлы өнімдер ретінде өндіріп келеміз.

Kazakhmys Power

Kazakhmys Power бөлімшесі Қазақстандағы ең ірі электр станциясы Екібастұз ГРЭС-1-дің 50 пайыздық үлесін иеленіп отыр. Бұл электр станциясы өзі өндірген электр энергиясының 8 пайызын Ресейге экспорттай отырып, Қазақстанның энергетикалық нарығының 14 пайызын қамсыздандырып келеді. Қазіргі уақытта электр станциясының қуаттылығы 2 500 МВт, ал бастапқы қуаттығы 4 000 МВт-қа шақталған.

Мыс өндірісі және мыс өнімдерін өндіру (MKM)

MKM компаниясы Германияның Хеттштедт қаласында орналасқан. Компания мыс өнімдері мен жартылай фабрикат мыс құймаларын, метиздерді, прокат бұйымдарын, сондай-ақ Еуропадағы өнеркәсіптің жеңіл машинажасау, құрылыс және өңдеу салалары үшін құбыршалар мен діңгектер өндіріп келеді. MKM өндірістің бірнеше саласында бекем алда келеді. Алайда, МКМ-нің профильдік қызметі Топтың географиялық және стратегиялық мүдделеріне сай келмейді, соған байланысты бұл бөлімше сатуға арналған активтердің қатарына қосылып жіктелді.

Eurasian Natural Resources PLC (ENRC PLC)

Тобымыздың иелігінде ENRC PLC акциялары пакетінің 26 пайыздық үлесі бар: ол өз алдына табиғи ресурстарды өндіру және өңдеу жөніндегі әртараптанған әрі интеграцияланған топ болып отыр. 2010 жылдың соңында оның акциялары пакетінің құны 5,4 млрд АҚШ долларын құрады. ENRC PLC тау-кен өндіру, қайта өңдеу, электр энергиясын өндіру, логистика мен маркетинг саласындағы өндірістік операциялары Қазақстанды, Ресейді, Қытайды, Оңтүстік Америка мен Африканы қамтып отыр.

Жезқазған кешенінің Жомарт кенішіндегі бұрғылау жұмысы Мыс балқыту зауыты, Балқаш кешені