Kazakhmys logo

НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТІ– ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ ӨНДІРУ

Зертханашы жұмыс үстінде, Балқаш кешені

Біздің қызметкерлеріміз

Біздің ең қымбат ресурсымызға құрметпен қарау

61000-ға жуық қызметкерлері бола тұрып, Қазақмыс Қазақстандағы ең ірі жұмыс берушілердің бірі болып отыр. Біз өз қызметкерлерімізді жағымды еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге және әрқайсысымен сыйластық қарым-қатынаста болуға ниеттіміз.

Қызметкерлерді басқару әдістерін қатайту

2010 жылы Топтың Қызметкерлер құрамын басқару жөніндегі директорымызды алғаш тағайындап, қызметкерлер құрамын басқару саласындағы түпкілікті артықшылықтарымызды белгілеп, нақты етіп әзірледік. Олар ұйымдық құрылымның тиімділігін, іріктеу және жұмысқа қабылдау, қызметкерлер құрамын оқыту және кәсіби дамытуды қоса санағанда, қызметкерлерді басқарудың әрбір аспектісін қамтиды.

Оқыту және кәсіби дамыту

Біз барлық қызметкерлеріміздің оқытылып, білім алуына белсенді түрде капитал салып отырмыз. Біздің Сәтбаевтағы және Балқаштағы мамандандырылған техникалық колледждерімізде кәсіптік-техникалық білім беріледі, сондай-ақ теориялық және тәжірибелік өндірістік оқыту өткізіледі. Оның үстіне, біздің 1800-ден астам қызметкеріміз Қазақстанның, алыс-жақын шет елдердің университеттері мен колледждерінде кәсіптік-техникалық не болмаса жоғары білім алуларын жалғастырып келеді. Толығырақ

Жаңа лидерлерге салынған инвестициялар

Біз Компаниямыздың басшыларының келесі буынына капитал салып отырмыз. Біздің «ТОР-100» бағдарламамыз болашақ лидерлерімізді анықтау үшін әрі олардың кәсіби жағынан дамуы үшін мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге арналып отыр.

Еңбегіне қарай ақысын әділ төлеу

Бәсекеге қабілетті еңбекке әділ ақы төлеу талапты қызметкерлерді жұмысқа қабылдау мен ұстай білудің міндетті шарты болып табылады. Жұмыс тиімділігін басқару мен оған баға беру жүйеміз қызметкерлер құрамының жұмыс нәтижелеріне әділ баға беруді және еңбектеріне қарай тиісті сыйлықақы беруді қамтамасыз етеді.

Жас мамандарды тарту

Біз «жас мамандар» атты жұмыскерлеріміздің жаңа санатын енгіздік – және де жас қызметкерлерді инженерлік-техникалық лауазымдарға тарту әрі ұстап қалу үшін біздің мыс өндіру жөніндегі бөлімшеміздің әрбір кәсіпорнында жас мамандардың кеңесі керек. Толығырақ

Зейнетақы және өзге де жеңілдіктер

Қазақмыс заңнама негізінде міндетті болып табылатын Қазақстанда, сондай-ақ Ұлыбританияда тиісті зейнетақы аударымдарын жүзеге асырып келеді. Біздің Kazakhmys Copper бөлімшеміз Компания қызметкерлеріне тегін медициналық және стоматологиялық қызметтерді ұсынып отыр, ал олардың отбасы мүшелері мен зейнеткерлер осындай игіліктерді пайдаланып олардың жартысынан азын ғана өтеп отырады. Бұл бөлімше түрлі балаларға арналған іс-шараларды және қызметкерлеріміздің балаларына арналған жазғы лагерьлерді де қаржыландырып жүр.

Тең мүмкіндіктер мен алуан түрлілік

Біз жергілікті халықтың түрлі табына жататын әрі өздерінің білімдері мен тәжірибелі машықтарын Компанияның игілігіне қолданатын барлық қызметкерлерімізге әділетті қарым-қатынастарды қамтамасыз етуге ұмтыламыз. Біздің Kazakhmys Copper бөлімшеміздегі барлық қызметкерлердің шамамен 35 пайызы әйелдер екендігін мақтана айта аламыз. Біздің оқыту әрі лидерлік қасиеттерді дамыту бағдарламамыз жергілікті қызметкерлерге білімдер мен машықтардың берілуін қамтамасыз етеді, ол шетелдік маманның қызметіне деген біздің тәуелділігімізді кеміте береді.

Кеңес алу және хабардар ету

Жұмыскерлердің пікірлерін алу мен олардың еңбек қызметіне қатысты мәселелер бойынша хабардар ету қызметкерлер құрамын уәждемелеу ісінде жәрдемдеседі. Қызметкерлер құрамын хабардар ету әртүрлі жағдайда өтеді, мәселен, жалпы жиналыстар, электронды пошта байланысы арқылы таралатын хабарландырулар, бүкіл Компанияға тарайтын корпоративтік газет, ішкі вэбсайт және жұмыстан босатылған кездегі сұхбаттасулар.

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ДАМЫТУ

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ДАМЫТУ

Біз қалайша талапты қызметкерлерді еңбекке тартып, тәрбиелейтіндігіміз жайлы оқып біліңіз.

ЖАС БУЫНДЫ ТАРТУ

ЖАС БУЫНДЫ ТАРТУ

Біз қалайша талапты қызметкерлерді еңбекке тартып, тәрбиелейтіндігіміз жайлы оқып-біліңіз.