КОРПОРАТИВТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК

Біздің көзқарасымыз
Корпоративтік жауапкершілігімізді басқару
Қазақмыстың корпоративтік жауапкершілігі мыналарға бағытталған:
- біздегі қауіпсіздік техникасы мен еңбектің қорғалуын жоғарылатуға және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға
- жақсы жұмыс жағдайларымен қамтамасыз етуге және өз жұмыскерлерімізге әділ қарауға
- жергілікті халық пен экономиканы қолдауға
- біздің қоршаған ортаға тигізер әсерімізді шектеуге
Жергілікті экономикаға инвестиция салу
Біз Қазақстан экономикасын және де елдегі жергілікті кәсіпорындарды қолдап отыруға батыл ниеттіміз. Толығырақ
Қауіпсіздік пен еңбекті қорғау
Қызметкерлеріміз, инвесторларымыз бен жергілікті халық бізден әрқайсысына қауіпсіз еңбек жағдайларын жасайды деп күтеді. Толығырақ
Біздің қызметкерлер
Біз барлық қызметкерлерімізге жақсы жұмыс жағдайларын қамтамасыз етуге әрі әрқайсысымен де сыйлы қарым-қатынаста болуға ниеттіміз. Толығырақ
Қоршаған ортаны қорғау
Біз өндірістік қызметімізден қоршаған ортаға келетін қандай да болмасын зиянды әсерлерді мейлінше кемітуге бар күшімізді жұмсаудамыз. Толығырақ
Жергілікті қауым
Біз Қазақмысты әлемдегі табиғи ресурстармен қамтамасыз ету саласындағы көшбасшылардың біріне айналдырған өз қызметкерлеріміз бен жергілікті халыққа капитал жұмсап келеміз. Толығырақ
Біз әрекеттеріміз үшін жауапкершілікті өз мойнымызға аламыз
Жоғарғы басшылықтың әрекеттері мен іс-қимылдары біздің корпоративтік мәдениетімізге стандарттар енгіздіртеді. Басқарушы бас директорымыз корпоративтік міндеттемелеріміздің орындалуына түпкілікті жауапты болып табылады.
2011 жылдың ақпан айында Компания қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау жөніндегі бағдарламаның орындалуына тікелей жауапты болатын Операциялық бас директорын тағайындады. 2010 жылдың соңында біз Топтың Қызметкерлер құрамын басқару жөніндегі директорды да алғаш рет тағайындадық. Жаңа тағайындалған директорлар бар күш-жігерімізді қауіпсіздік техникасына, еңбек пен қоршаған ортаны қорғауға жұмылдыра жүріп, біздің еңбек ету мәдениетімізді одан әрі нығайта түсу мақсатымен Басқарушы бас директормен тығыз жұмыс жасайтын болады. Атқарушы емес біздің тәуелсіз аға директордың төрағалық етуімен Тобымыздың Еңбек қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комитеті біздің корпоративтік жауапкершілігіміздің аясында міндеттеріміздің орындалуына ұдайы тексеріп жүреді.





