КОРПОРАТИВТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК

Инвестициялар
Жергілікті экономиканы нығайту
Қазақмыс бүкіл елдегі жергілікті кәсіпорындарды және Қазақстан экономикасын қолдауға батыл ниетті. Біз жергілікті тауар өндірушілерді қолдауға бағытталған «Қазақстандықты таңдаймыз» атты мемлекеттік бағдарламаны құруға және қаржыландыруға қолдау көрсеттік. 2010 жылы біздің Kazakhmys Copper бөлімшеміз бен Екібастұз ГРЭС-1 электр станциясы қазақстандық жеткізушілерден тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға 1024 миллион АҚШ долларын жұмсаған, ол тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге жұмсалған жалпы шығындардың 62 пайызын құрап отыр.
Қазақстандық үлесті дамыту жөніндегі Басқарманың ашылуы
Біз, компаниямыздың қажеттіліктерін қамтамасыз ету жөніндегі қазақстандық компаниялардың мүмкіншіліктеріне баға беретін және таңдаудан сәтті өткен компаниялармен ұзақ мерзімді байланыстар жасайтын, қазақстандық үлесті дамыта түсу жөніндегі басқарманы құрған Қазақстандағы алғашқы компаниялардың біріміз.
Жергілікті компанияларды қаржыландыру
Біз жергілікті компанияларға өздерінің кәсіпорындарын дамытуға пайызсыз несиелер табыс етеміз. Жеткізушілер тоғыз ай ішінде несиелерін төлеуді бастамай-ақ қоюына болады, бұл оларға кәсіпорындарының қызметі үшін мықты негіз орнатуға мүмкіндік береді. Толығырақ
Импорттың жергілікті жеткізілімдермен алмастырылуы
Импортқа тауелділігімізді кеміте түсу мақсатымен, біз жергілікті өнімдерді сатып алып отыруға арналған импорты алмастыру бағдарламасын жүзеге асырып отырмыз. 2010 жылы сол бағдарламаның аясында, біз қазақстандық 10 жеткізушімен жалпы құны 30 млн АҚШ долларынан астам сомаға тауарлар сатып алуға келісімшарттар жасастық.
Қазақстандық кәсіпорындармен ынтымақтастық
Біз Қазақмысқа жеткізілімдерді қамтамасыз ету үшін жергілікті компаниялармен бірнеше бірлескен кәсіпорындарды пайдаланып отырмыз. Бірлескен кәсіпорындардың ішіне мыналар қосылады:
- біздің компания 51 пайыздық үлесін иеленіп отырған жүк автокөліктерін шығарушы «ҚаpБелАЗ»
- біз операциялық тиімділікті арттыру үшін де, қоршаған ортаны жақсарту үшін де арнайы құрған Жезқазғандағы тозған шиналарды қайта өңдеу жөніндегі «МысШина» зауыты. Толығырақ
ЭКОНОМИКАҒА ИНВЕСТИЦИЯ САЛУ
Қазақстандағы тұнғыш шиналарды қайта өңдеу "МысШина" зауытына инвестиция салғанымыз туралы біліңіз
ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕТКІЗУШІЛЕР
Қазақстандағы жергілікті кәсіпорындарды қалай, олардың өсуіне қалай көмектесіп жүргеніміз туралы біліңіз.





