Kazakhmys logo

НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТІ– ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ ӨНДІРУ

Турбина жабдығын бояу, Екібастұз электр станциясы

Қауіпсіздік пен еңбекті қорғау

Қауіпсіз еңбек етудің мәдениетін құру

Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау саласындағы нәтижелерді жоғарылату Қазақмыстың артықшылықты міндеті болып табылады. Қазақмыс халықаралық ірі компания болған соң, біздің қызметкерлеріміз, инвесторларымыз мен жергілікті халық бізден әрқайсысы үшін қауіпсіз еңбекті қамтамасыз етуді күтеді. Өндірістік операциялар қауіпсіз болса ғана, жақсы басқаруда делінеді.

Адам шығынына апарған қайғылы уақиғалар мен жарақаттанушылықтар санын төмендету

Қандай да бір жарақаттанушылықтың және адам шығынына апарған қайғылы уақиғаның түйінінің шешімі әрдайым болмақ. Адам шығынына апарған қайғылы уақиғалардың негізгі себебі: тау жыныстарының опырылуы немесе құлауы, жарылғыш заттармен жұмыс жасау, биіктікте жүргізілетін жұмыс пен өздігінен жүретін жабдықтардың, машиналардың қозғалыстағы бөліктерінен мертігу.

Біз адам шығынына апарған және ауыр жағдайға апарған қайғылы уақиғалардың әрбірін тергеп жүреміз; тергеу нәтижелері бойынша есептерді ЕҚҚОҚ Комитетіне және адам шығынына әрі ауыр жағдайға апарған қайғылы уақиғалар бойынша Сарапшылар комиссиясына тапсыры отырады. Мерт болғандардың отбасыларына қаржылық көмек көрсетуімізді жалғастырып келеміз.

Біз өз кәсіпорындарымыздағы қауіпсіздікті жоғарылату жөнінде көптеген іс-шараларды енгізіп жүрміз. Төменде солардың кейбірі ғана келтіріліп отыр:

Топтың еңбек қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комитеті

Бұл комитет біздің саясатымыз бен қауіпсіздік техникасы, еңбек және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі стандарттарды әзірленуіне және сақталуына жауапты. Толығырақ

Маңызды жаңа тағайындаулар

Жуырда біз Топтың Қызметкерлер құрамын басқару жөніндегі директор мен Операциялық бас директорды тағайындадық. Жаңа тағайындалған екі директордың екеуі де жоғарғы басшылықтың күш-жігерін бүкіл Компания бойынша тиісті қорлар бөлу үшін және еңбек қауіпсіздігіне шоғырландыруды қамтамасыз ететін болады.

Қауіпсіздік ережелерінің жеңілдетілуі

2011 жылы біз өзіміздегі қауіпсіздік ережелеріміздің санын он алтыдан онға дейін кеміттік, сонысымен олар жеңіл орындалатын әрі ұғынықты бола түсті. Бұл ережелер Қызыл аймақ ережелеріне-оны бұзғандармен еңбек қарым-қатынастары сөзсіз доғарылады, және Сары аймақ ережелеріне-оны бұзғандар тәртіптік жазаларға тартылатын болады. Біз қауіпсіздік техникасының бұзылғандығына көз жұмбай қарайтын саясатты ұстанамыз.

Инспекциялар мен есептілік

Біз өндірістік нысандардың қауіпсіздігіне жоспарлы немесе жоспардан тыс тексерістер өткізіп тұрамыз және қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғаудың бұзылған жағдайларын анықтағанда өндірістік қызметті тоқтатамыз. Сонымен қатар, біз анонимдік телефон желісін пайдаланамыз, сол бойынша қызметкерлер өздерін алаңдатып жүрген қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау жөніндегі проблемаларды хабарлай алады.

Еңбекті қауіпсіздігі стандарттарының жоғарылауына салынған инвестициялар

2010 жылы біздің капиталдық шығындарымыздың 9 пайызы еңбек қауіпсіздігінің проблемаларын шешу үшін, соның ішінде жеке қорғаныс құралдарын, өртке қарсы қорғаныс және желдету құрылғыларын сатып алу жұмсалды.

Мердігерлермен жұмыс жүргізу

2011 жылы біз білікті де тәжірибелері мол мердігер компанияларды іріктеу үшін еңбек қауіпсіздігі жөніндегі жаңа талаптарымызды енгіздік. Өндірістік алаңдардың дайындықтан өткен басшылары шеткері ұйымдардың жұмыс күшінің басқарылуына да жауапты болады. Ереже бұзушылықтарға деген біздің төзбестік саясатымыз мердігерлерге де бірдей қолданылады.

Технологияға салынған инвестициялар

2011 жылы біз өз өндірістік нысандарымызда қайғылы уақиғаларды басқару жөніндегі бағдарламалық өнімді орнатуды жоспарлап отырмыз. Бұл аталған бағдарламалық өнім барлық қайғылы уақиғаларды және олардан қалай шыққан әрекеттерді есепке алып отыруға, сондай-ақ тиісті тенденцияларын анықтап отыруға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, біз өндірістік нысандарымыздағы адам шығынына апаратын ең жиі кезігетін қайғылы уақиғалар-жыныстардың опырылуы мен төбенің құлауын болдармау үшін жаңа технологиялар енгіздік. Толығырақ

Қауіпсіздік техникасын оқыту

2010 жылы біздің Kazakhmys Copper бөлімшеміз бен Екібастұз электр станциясының 19442 қызметкері қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау бойынша ресми оқытудан өтіп, қызметкердеің әрқайсысына шаққанда орта есеппен 38,5 сағатты құрады. Қауіпсіздік техникасы мен өндірістік мамандықтарға оқыту үшін біз екі арнаулы оқы орнын аштық. Сонымен қатар, жалпы ұйым бойынша қауіпсіздік саласында мамандық беру мен қауіпсіздік техникасын оқытудың жаңадан ішкі бағдарламасын ендіруді бастады. Толығырақ

Денсаулық сақтауды басқару

Біздің мақсатымыз – қызметкерлеріміздің, олардың отбасыларының, мердігерлердің және жергілікті халықтың. Біздің басқаруымызда 56 медициналық мекеме бар, оның ішінде Жезқазғандағы медициналық орталық та бар. Жұмысқа қабылданған сәтте, және одан соң жыл сайын Компаниямыздың қызметкерлері кәсіби дерттердің алдын алу, сондай-ақ ондай дерттерді диагностикалап, емдеу мақсатында медициналық байқаудан өтіп жүреді. Біздің Kazakhmys Copper бөлімшеміз кәсіби дерттерді емдеу мен мониторинг жүргізуге бағытталған еңбек қауіпсіздігі мен денсаулықты қорғау жөніндегі үшжылдық бағдарламасын жүзеге асырып келеді.

ҚАУІПСІЗДІКТІ ЖОҒАРЫЛАТУ

ҚАУІПСІЗДІКТІ ЖОҒАРЫЛАТУ

Біздің жаңа технологияларды пайдаланып, қалайша жыныстардың опырылуын және төбенің құлауын алдын алуымыз жайлы оқып біліңіз

ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНА ОҚЫТУ

ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНА ОҚЫТУ

Барлық қызметкерлеріміз бен мердігерлерімізге біз қалайша қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ететіндігіміз жайлы оқып шығыңыз.