КОРПОРАТИВТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК

Қоршаған орта
Қоршаған ортаға келтіретін әсерімізді кеміту
Біз өндірістік қызметімізден қоршаған ортаға келетін қандай да зиянды әсерлерді кеміте түсу үшін бар күш-жігерімізді жұмсап отырмыз. Бұл дегеніміз, су мен энергия сияқты табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануды, парниктік газдармен ластануды, өндірістік қалдықтар мен зиянды заттарды қысқартуды, атмосфераға, жер қойнауына және су нысандарына таралатын заттардың кемітілуін, сондай-ақ биологиялық алуан-түрлілікті сақтап қалуды білдіреді.
Қоршаған ортаға салынатын инвестициялар
2010 жылы Топ қоршаған ортаны қорғау саласындағы біздің нәтижелерімізді жоғарылатуға 36 млн АҚШ долларын жұмсады. Мәселен, біз Екібастұз ГРЭС-1 станциясында бірінші электрстатикалық сүзгіні пайдалануға қабылдадық, қалдықтар қоймасын рекультивациялап, меншігіміздегі энергетикалық кәсіпорындарымыздағы қазандықтар үшін батареялық эмульгаторлар орнаттық.
Атмосфераны ластаушы заттардың азаюы
Электр энергиясын ірі өндіруші әрі тұтынушы бола тұрып, Қазақмыс парниктік газдардың (ПГ) елеулі ауқымын ауаға таратады. 2006 жыл мен 2010 жыл арасындағы кезеңде біз жыл сайын рұқсат етулі шектеулер деңгейінен әлдеқайда төмендетіп келдік.
Біз жаңа технологияларды пайдалану мен энергияның үнемдеудің есебінен ПГ шығарындыларын одан әрі де кеміте түсуге ниеттіміз. Мәселен, біз электр станцияларымыздың тозаңдатуын қысқарту технологиясын кемелдендіріп отырмыз. Толығырақ
Су пайдалану мен қолданылған суды қысқарту
Біздің су көздеріне шығаратын суларымыз рұқсат етілген деңгейден әлдеқайда төмен. Екібастұздың ГРЭС-1 станциясында қолданылға су толығымен қайтадан қолданылады, ал мыс өндіруші кәсіпорындарымыздың шығарындыларындағы құрамдылық Қазақстанда реттеуші органдардың рұқсат еткен деңгейлерінен анағұрлым төмен. 2010 жылы біз суды мыстан, кадмийден және басқа да металлдардан 99 пайызға тазартып шығаратын Шығыс аймақтағы тазарту нысандарына 2 миллион АҚШ долларын инвестицияладық.
Қалдықтарды кеміту
Біздің кәсіпорындар өндірілген кеннен түскен босаң және аршымалы жыныстарды үйінділерге жинақтайды әрі кеніштердің қазбаларының бос кеңістіктерін толтыруға жиі қолданады. Металлургиялық кәсіпорындар шлактар мен қалдықтар шығарады, оларды біз су қоймаларына және жер бетіне жаймау мақсатымен арнаулы қалдықтар сақтау қоймаларына қордалап отырамыз. 2010 жылы біз қалдықтарымыздың 41 пайызын қайта өңдедік және де оларды қайталап қолданудың жаңа мүмкіндіктерін іздестіруді жалғастырып келеміз. Қазіргі уақытта біз Жезқазғандағы қалдықтар қоймасын рекультивациялауға 4,9 млн АҚШ долларын салып отырмыз, ол қалдықтардың топыраққа таралуының алдын алады және жылына 146 мың тоннаға тозаңдануды қысқартады.
АУАНЫҢ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ
Екібастұз өңіріндегі ауа сапасын жоғарылату жөніндегі іс-шараларымыз туралы оқып біліңіз
БИОЛОГИЯЛЫҚ АЛУАН ТҮРЛІКТІ САҚТАУ
Біз өндірістік қызметімізден қоршаған ортаға келетін қандай да зиянды әсерлерді кеміте түсу үшін қаншалықты күш салатынымызды біліңіз.





