Kazakhmys logo

НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТІ– ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ ӨНДІРУ

Жер үстіндегі Қазақмыс жұмыскерлері, мыс кеніші

Үндеу

Корпоративтік жауапкершілік – біздің күн тәртібіміздегі басты мәселе

Табиғи ресурстарды өндіру, сол ресурстар өндірілетін аймақтардағы жергілікті халыққа игілік жасау жөніндегі жауапкершілікпен ажырамас біртұтастықта. Салықтарды төлеудің және республикадағы аса кең ауқымды әлеуметтік бағдарламаны қаржыландырудың есебінен, біз Қазақстанның экономикалық дамуына және халқының игілігіне де қомақты үлес қосып келеміз.

Біз қызмерткерлерге әділ қарым-қатынастарды және олардың жұмыс орындарындағы қауіпсіздіктерін, біздің қоршаған ортаға келтіретін әсерімізді кемітіп, аймақтарымыздағы жергілікті халыққа көмек көрсетуді қамтамасыз етіп отыруға ниеттіміз.

Іскерлік қызметті жауаптылықпен жүргізу мемлекеттік органдармен де жергілікті халықпен де ынтымақтастықта болатын компания бола тұра, бәсекеге қабілетті жұмыс күшін тартуға әрі оны сақтап қалуға қолдау жасай отырып та Компанияға көмегін тигізе түседі.

Жауапты өндірістік қызмет дегеніміз тиімді өндірістік операцияларды білдіреді; аса тиімді өндіріс пен операциялық шығындардың кемітілуі Компанияның акционерлік құнын арттыра түсуге тиіс.

Біз өз жетістіктерімізді мақтан тұтамыз, дей келе одан әрі де көп еңбектенуіміз қажет болатындығын мойындап отырмыз. Міне сондықтан да біз қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғаудың жоғарылай түсуіне, қоршаған орта жөніндегі стандарттардың кемелденуіне, және де жергілікті халқымызды қолдауға елеулі ресурстар қосып келеміз.

Олег Николаевич Новачук
Басқарушы бас директор, Kazakhmys PLC
Олег Новачук, Қазақмыстың Басқарушы бас директоры