БІЗ ТУРАЛЫ

Неліктен Қазақстан?
Өңдірісті ұлғайту үшін ұтымды орналасу
Біздің активтеріміздің Қазақстанда орналасуы, бізге Орта Азия өңірінде өңдірісті ұлғайтуға, тапсырыс берушілердің сұраныстарына жауап беруге, әлемнің ең ірі нарықтарына қызмет етуге ұтымды мүмкіншілік ұсынып отыр. Қазақстанның бай табиғи ресурстары, оның көлік тораптарының дамығандығы және шетелдік инвестициялардың молшылығы, біздің өндірісіміздің ұлғаюына бар мүмкіндіктер ұсынады.
Перспективалық экономикалық ортада қызмет ету
Қазақстан өзінің жер аумағы бойынша әлемде тоғызыншы орында, ал бұрынғы Кеңес Одағында екінші орынға ие болған. 1991 жылдан бастап құрылымдық реформалар елдің экономикасын ілгері тартты. Бұл жайт экономиканың жыл сайынғы тұрақты өсуіне, 100 миллиардтан астам АҚШ долларлық тікелей шетелдік инвестицияларға және бұрынғы Кеңес Одағы елдерінің ішінен алғашқы болып жоғары несиелік рейтингке ие болуға әкелді.
Ең мықтылар қатарында қызмет ету
61 000 астам қызметкері бар және Қазақстанның ұлттық жалпы өнімінің 2 пайызын құрайтындай жылдық пайда табатын, Қазақмыс елдегі ең ірі де аса ықпалды компаниялардың қатарында. Сонымен қоса, біз ең ірі салық төлеушілердің біріміз әрі Қазақстан экономикасының тірегі болып табыламыз.
Жібек Жолының қайта өркендеуі
Азия жерінен Жерорта теңізіне, бүкіл Еуропа мен Африкаға шейін жалғасқан ежелгі сауда-саттық бағыты – Жібек Жолының қайта өркендеуінде Қазақмыстың маңызы зор. Біздің көліктік тасымалдау қызметіміз, ел аумағында және одан тыс жерлерде өнімдеріміздің тасымалдануын қамтамасыз ете отырып, Жібек Жолының маңынан өтеді.





