БІЗ ТУРАЛЫ

Біз кімбіз
1930 жылы құрылған әрі негізінен мыс өндірумен айналысып келе жатқан «Қазақмыс ПЛС» компаниясы, халықаралық жетекші топтардың бірі болып табылады. Біздің активтеріміз негізінен Қазақстанда шоғырланған, әрі біз Лондон жэне Гонконг қор биржаларында тіркеліп, Британдық FTSE 100 компаниялар тізіміне кіреміз.
Географиялық тұрғыдан оңтайлы орныққан өндірісі интеграцияланған топ
Біздің қызметіміз толығымен интеграцияланған. Бұл бізге мыс өндірісінің әрбір сатысын жан-жақты бақылап қана қоймай, сондай-ақ көптеген клиентерімізге икемді қадам жасайтындай, әлемдегі ең аз шығынды мыс өндірушілердің бірі ретіндегі мәртебені сақтауға мүмкіндік береді. Компанияның Қазақстанда орналасуының өзі әлемдегі ең ірі нарықтарға қатысты ұтымды жерде орныққандығын көрсетеді.
Өндірісті ұлғайту және құндылықты арттыру
Алдағы жеті жылдың ішінде біз өндірісімізді 50%-дан астам арттыруды жоспарлап отырмыз. Бұл ретте, біз өнімнің ауқымын емес, оның құндылығын жоғарлатуға ынталымыз. Осыны біз, тиімділік пен өнімділікті арттыратын, оңтайландыру бағдарламаның арқасында қол жеткізіп келеміз.
Қызметкерлеріміз бен жергілікті қауымды құрметтеу
Қазақмыс еліміздің өркендеуіне зор үлес қосып келе жатқан қазақстандық ірі компаниялардың бірі. Мұндай экономикалық ықпал біздің қызметкерлеріміз бен олардың отбасыларына құрмет пен қорғауды қамтамасыз ететін корпоративтік жауапкершілікті туындайды. Осының барлығы бізге ең қымбат болып келетін, яғни қызметкерлеріміз бен өндірістік нысандарымыздың маңындағы жергілікті қауымға қатысты біздің міндеттемелеріміздің бірі болып табылады.





