Kazakhmys logo

НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТІ– ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ ӨНДІРУ

Жезқазған кешенінің Оңтүстік кенішіндегі бұрғылау жұмысы

Стратегиямыз

TODO

Біздің түбегейлі мақсатымыз: Орта Азиядағы табиғи ресурстарды өндіріп-өңдеу ісіндегі жетекші компания болу. Осы мақсатымызға қол жеткізу ең жоғары стандарттарға талпынуды, Компанияның акционерлік құнын арттыруды және қызметкерлеріміз, жергілікті қауым мен қоршаған ортаға қамқорлықты білдіреді. Біздің стратегиямыз мынадай үш саладан қалыптасады:

Активтерімізді оңтайландыру

Біздің оңтайландыру бағдарламамыз активтеріміз бен өндірісіміздің тиімділігін көтеретін басқару құралдарын жетілдіруді көздеп отыр. Бұл шығындарымызды кемітуге, пайдамызды арттыруға және өнімділікті жоғарылатуға септігін тигізеді.

Өндірісті ұлғайту жобаларын іске асыру

Біз алдағы 5-10 жыл ішінде өндірісті 50%-дан астам арттыруды көздеп отырмыз. Ол үшін «Ақтоғай» мен «Бозшакөл» сияқты жобаларға инвестициялау, қолымыздағы қорларды ұлғайту және алмастыру көзделіп отыр.

Табиғи ресурсты активтерді иелену

Біз әлі игерілмеген, әрі тартымды және негізінен Орта Азияда орналасқан табиғи ресурсты активтерді іздестіріп, сатып алуға ынталымыз. Бұл мақсатқа геологиялық барлау және танымал кен орындарын сатып алу жолымен қол жеткіземіз.

Біздің қызметіміз

Біз толықтай интеграцияланған мыс өндіруші компаниямыз

Толығырақ

2010 жылғы жылдық есеп

Біздің жылдық есебімізді оқыңыз

Қазір қарап шығыңыз