БІЗ ТУРАЛЫ

Тарихымыз
2010 ЖЫЛДЫҢ ҚАҢТАР АЙЫ - 2,7 МЛРД. АҚШ ДОЛЛАРЫ МӨЛШЕРІНДЕ ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫҢ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ
Қазақмыс Қытай Даму Банкі мен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-нан 2,7 млрд. АҚШ доллары мөлшеріндегі кепілдіксіз несиелік бағдарды алуға шарт жасасқандығы туралы жариялады. Өндірісті ұлғайту үшін, әсіресе Бозшакөл кен орнында кен өндіруді ұлғайту бойынша ірі жоба үшін бұл қаражатқа қол жеткізілді.
2010 ЖЫЛДЫҢ АҚПАН АЙЫ - БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНСТЫ НЫҒАЙТУ
Компания «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ пайдасына «Екібастұз ГРЭС-1» электр станциясының 50 пайыздық үлесін 681 млн. АҚШ долларына сатуын аяғына жеткізді. Бұл шешім аталған электр станциясын 2008 жылдың мамыр айында сатып алу кезінде тікелей қабылданды.
2008 ЖЫЛ - ENRC-ДАҒЫ ҚАТЫСУ ҮЛЕСІНІҢ АРТУЫ
Топ Eurasian Natural Resources PLC (ENRC PLC) корпорациясының қосымша акциялар пакетін сатып алу арқылы өзінің иелік үлесін 26 пайызға дейін арттырды. Мұндай акциялар пакеті Қазақмысқа минералды ресурстардың көпшілігіне қол жетімді топ ретінде табысты қамтамасыз ете алады.
2008 ЖЫЛДЫҢ МАМЫР АЙЫ - КЕЛЕШЕКТЕ ЭНЕРГИЯНЫҢ ӨНДІРІСІН ҰЛҒАЙТУ
Қазақмыс Қазақстандағы ең ірі «Екібастұз ГРЭС-1» көмір электр станциясын иелігіне сатып алды. Шамасы 1 млрд. АҚШ доллары болатын инвестициялық бағдарламаның есебінен электр станциясы өзінің қуаттылығын бес жылдан соң екі есеге арттыруға қабілетті.
2007 ЖЫЛДЫҢ ҚАЗАН АЙЫ - ENRC КОМПАНИЯСЫНДАҒЫ БАСТАПҚЫ АКЦИЯЛАР ПАКЕТІН САТЫП АЛУ
Өзінің пайдаларын диверсификациялау стратегиясын іске асыра жүріп, топ Eurasian Natural Resources PLC (ENRC PLC) корпорациясында 14,6 пайыздық қатысу үлесіне қол жеткізді. Бұл сауда Қазақмысқа минералды ресурстарды өндіретін әрі өңдейтін басқа топтың нәтижелерінің арқасында пайда табуға да мүмкіншілік берді.
2006 ЖЫЛДЫҢ ҚАРАША АЙЫ - ҚАЗАҚМЫС АКЦИЯЛАРЫНЫҢ САУДАЛАНУЫ ҚАЗАҚСТАНДА БАСТАЛУЫ
Қазақстанның экономикалық дамуына Қазақмыстың үлес қосу ынтасының куәсі ретінде, Қазақстан Қор Биржасында Қазақмыстың акцияларының сауда-саттығы басталып кетті.
2005 ЖЫЛДЫҢ ЖЕЛТОҚСАН АЙЫ - FTSE 100 ТІЗІМІНЕ ҚОСЫЛУЫ
Экономикалық пәрмені жағынан нығайуының дәлелі ретінде Қазақмыс FTSE 100 тізіміне қосылды.
2005 ЖЫЛДЫҢ ҚАЗАН АЙЫ - ЛОНДОН ҚОР БИРЖАСЫНА КІРУІ
Қазақмыс акциялары Лондон қор биржасында әрқайсысы 540 пенс бағамымен бағаланып, топ Лондондық листингке кіретін тау-кен өндіруші компаниялардың қатарына қосылды.
1995 ЖЫЛДЫҢ МАУСЫМ АЙЫ - ИЕГЕРДІҢ АУЫСУЫ
Корейлік Самсунг корпорациясы компанияны басқаруға кірісті. 1996 жылы Самсунг корпорациясы Қазақмыс компаниясының 40 пайыздық үлесін сатып алып, кейіннен сатып жіберді.
1992 ЖЫЛ - КОМПАНИЯНЫҢ РЕСМИ ҚҰРЫЛУЫ
Қазақстанның Үкіметі «Жезқазғантүстіметалл» ААҚ компаниясын құрды. 1992-2002 жылдар аралығындағы өткен көпшілік жекешелендірушілік мәмілелердің нәтижесінде Үкіметтің иелену үлесі 100 пайыздан 0 пайызға дейін төмендеп берді.
1971 ЖЫЛ - ЖАҢА ӨНДІРІСТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ БАСТАЛУЫ
«Жезқазғантүстіметалл» ӨБ мыс балқыту өндірісі қызметін бастап кетті.
1930 ЖЫЛ - МИНЕРАЛДЫ РЕСУРСТАРДЫ ӨНДІРІП, ӨҢДЕУ ЖӨНІНДЕГІ ЖЕТЕКШІ ТОПТЫҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ
Қазақмыстың өндіріс қызметі Қазақстандағы Балқаш мыс балқыту зауытында бастау алды.





