БІЗ ТУРАЛЫ

Деректер мен мәліметтер
20 жыл өндіруге жетерлік кен қоры бола тұрып, Қазақмыс Қазақстандағы ең ірі мыс өндіруші болып танылады. Топ, ішкі нарыққа таратылатын қазақстандық жылу мен электр энергиясының 20 пайызын басқара жүріп, Қазақстандағы жылу мен электр энергиясын ең ірі жеткізуші компания.
Қысқаша ақпарат
- Қазақмыс, британдық FTSE 100 компаниялар тізіміне кіретін, табиғи ресурстарды өндіріп-өңдеу жөніндегі жетекші халықаралық компания болып табылады.
- Біздің негізгі өндірістік қызметіміз Қазақстанда және онымен шектескен аймақтарда орын алады.
- Компанияның негізгі қызметі – мысты өндіру, өңдеу және өткізу.
- Біз кен өндіруден бастап мыстан жасалатын дайын өнімдерді өндірумен аяқталатын толықтай интеграцияланған мыс өндіруді жүргіземіз, ол тобымызға икемді қызмет көрсетуге әрі өндірістік шығындардың төмен деңгейін қолдай жүруге мүмкіндік туғызады.
- Біздің мыс өндіру жөніндегі бөлімшеміз мырыш, күміс және алтын сияқты басқа да металлдардың айтарлықтай көлемін қосарлы өнім түрінде өндіріп шығарады.
- 2010 жылы топтың тапқан пайдасы 35 пайызға артып, 3 237 миллион АҚШ долларына жеткен. Топ меншікті шикізаттан 303 мың тонна катодты мыс өндіріп шығарды, 167 мың тонна концентраттағы мырыш пен 14 093 мың унция күміс және 127 мың унция алтын өндірген.
- 2010 жылдың 31 желтоқсаны күнгі жағдай бойынша Қазақмыстың нарықтық бағамы $13,4 млрд. құраған.
Қызметіміз
Қазақмыс қызметі кен өндіруден дайын өнім шығаруға дейінгі барлық сатыларды қамтитын толықтай интеграцияланған мыс өндірушілердің бірі болып табылады. Топтың негізгі қызметі кен өндіру және байыту, мысты балқыту мен арылту, меншікті қажеттіліктірге арналған жылу және электр энергиясын өндіру, қосалқы қызметтер және коммерциялық жылу мен электр энергиясын өндіріп шығаруды қамтиды.
Корпоративтік стратегия
- Иеліктегі кеніштерді оңтайландыру және біздің бар өндірістік қызметіміздің тиімділігін арттыру.
- Өндірісті ұлғайтудың ірі жобаларын жүзеге асыру. Олардың ішінде «Бозшакөл» мен «Ақтоғай» жобаларын жүзеге асыру, орта ауқымдағы кеніштерді игеру, жаңадан байыту фабрикаларын салу және қолданыстағы фабрикаларды модернизациялау.
- Тартымды да игерілмеген табиғи ресурстар активтерін іздестіру мен иелену арқылы, негізінен орталық Азияда қосылған құнды қалыптастыру және диверсификациялау.
Корпоративтік жауапкершілік
Қазақмыс Қазақстанда ең ауқымды әлеуметтік инвестициялау бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Инвестицияланған жобаларымыздың ішінде:
- инфрақұрылым, соның ішінде кеніштердің маңында тұратын жергілікті қауым үшін мектептер мен ауруханаларды салу және ұстау;
- білім беру саласы, соның ішінде 2009 жылы Астанадағы кәсіби лицей-интернат пен Балқаштағы техникалық колледжінің және де 2010 жылы Қазақмыс қызметкрелері үшін екінші оқыту орталығының ашылуы;
- демеушілік пен қайырымдылық жәрдем көрсету арқылы мәдени мұраларды сақтау.
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларымыз мыналарды қамтиды:
- Қазақстандағы ең ірі электр станциясы Екібастұз ГРЭС-1-де ластаушы заттарды қысқартудың жаңа технологиясын енгізу
- Балқаштағы күкірт қышқылын шығару цехында өңдеудің есебінен (SO²) шығарынды заттарын екі есеге дейін қысқарту.
Атқарушы директорлар
- Владимир Сергеевич Ким, Директорлар кеңесінің Төрағасы
- Олег Николаевич Новачук, Бас басқарушы директор
- Эдуард Огай, "Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС Басқармасының төрағасы
Атқарушы емес директорлар
- Клифтондық Лорд Ренвик, KCMG
- Филип Айкен
- Саймон Хил
- Дәулет Еділұлы Ерғожин
- Питер Хиксон
- Клинтон Дайнс





